Жетінші мұсылман ғарышты бағындырмақ

29 Қазан, 2018 931 0

Пәкістан Қытайдың көмегімен 2022 жылы орбитаға өзінің алғашқы ғарышкерін жіберуі мүмкін, деп хабарлайды newsroom+ ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Бұл туралы журналистерге Пәкістанның ақпарат министрі Фавад Чоудхри Пәкістан премьер-министрі Имран Ханның ҚХР-ға жасайтын сапары алдында мәлім етті, деп хабарлайды Times of India газеті.

Пәкістан ақпарат министрі Қытай мен Пәкістан арасында ғарыш саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғанын атап өтті.

«Исламабадтың пәкістандықты алғаш ғарышқа ұшыруы туралы ниеті Пәкістанның қарсыласы - Үндістанның 2022 жылы орбитаға өздігінен алғашқы ұлттық басқарылатын миссияны жіберетінін жариялауына байланысты болуы мүмкін. Осылайша, Исламабад ғарыш саласында Нью-Делидің алдын орамақшы», деп болжап жатыр Үндістанның баспасөз құралдары.

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.