Жаңалықтар

Қазақстанда коронавируспен ауырғандар саны 19 мыңнан асып түсті

Қазақстанда коронавируспен ауырғандар саны 19 мыңнан асып түсті

 width= Республика бойынша 11 882 науқас коронавирустан жазылып шықты. Жүз отыз алты адам қайтыс болды
Қазақстанда коронавирус дертіне шалдыққандар саны 19 285 адамға жетті, деп хабарлайды ведомствоаралық комиссия.
"Өткен тәулікте 520 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны белгілі болып, өсім 2,8% құрады", - делінген хабарламада.
Қалалар мен өңірлер бойынша:
  • Нұр-Сұлтан қаласы - 62 (1,8%)
  • Алматы қаласы - 60 (1,7%)
  • Шығыс Қазақстан облысы - 48 (9,5%)
  • Батыс Қазақстан облысы - 46 (3,8%)
  • Шымкент қаласы - 42 (3,0%)
  • Қарағанды облысы - 41 (2,1%)
  • Түркістан облысы - 41 (6,3%)
  • Павлодар облысы - 33 (6,2%)
  • Қостанай облысы - 26 (7,0%)
  • Ақмола облысы - 23 (6,3%)
  • Ақтөбе облысы - 22 (3,3%)
  • Атырау облысы - 20 (1,3%)
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 16 (5,9%)
  • Қызылорда облысы - 12 (2,1%)
  • Жамбыл облысы - 11 (1,8%)
  • Алматы облысы - 10 (1,6%)
  • Маңғыстау облысы - 7 (1,6%).
Ал коронавирус індетінің белгісі жоқ 956 тасымалдаушы тіркелді. Қазақстан бойынша олардың саны 12 677 адамға жетті. Қалалар мен өңірлер бойынша:
  • Нұр-Сұлтан қаласы - 1246 (+49)
  • Алматы қаласы - 1377 (+66)
  • Шымкент қаласы - 1113 (+30)
  • Ақмола облысы - 379 (+46)
  • Ақтөбе облысы - 433 (+44)
  • Алматы облысы - 885 (+83)
  • Атырау облысы - 1649 (+128)
  • Шығыс Қазақстан облысы - 406 (+29)
  • Жамбыл облысы - 439 (+55)
  • Батыс Қазақстан облысы - 822 (+60)
  • Қарағанды облысы - 1719 (+91)
  • Қостанай облысы - 290 (+30)
  • Қызылорда облысы - 360 (+48)
  • Маңғыстау облысы - 375 (+40)
  • Павлодар облысы - 175 (+24)
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 425 (+71)
  • Түркістан облысы - 584 (+62).
Айта кетейік, республика бойынша 11 882 науқас коронавирустан жазылып шығып, 136 адам қайтыс болды.