Елбасының денсаулығына қатысты тың дерек белгілі болды
Елбасының денсаулығына қатысты тың дерек белгілі болды
Экс-президент те дәрігерлердің кеңесіне құлап асыпты.
ҚР-ның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың хал-жағдайы туралы оның баспасөз хатшысы Айдос Үкібай баяндады. Бұл туралы NewsRoom+ тілшісі Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Баспасөз хатшысының сөзіне сүйенсек, отандық БАҚ өкілдері соңғы күндері Елбасының денсаулығы жайлы көп сұрақтар жолдапты.
Осыған орай, Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында: "Соңғы кездері БАҚ тарапынан Елбасының денсаулығы туралы көп сұрақтар келіп түсті. Нұрсұлтан Назарбаевтың денсаулығы жақсы екендігін хабарлағым келеді. Ол дәрігерлердің кеңесіне құлақ асып, өзін-өзі оқшаулау режимін жалғастырып жатыр", - деп жазды.