Жаңалықтар

Тоқаев Жеңіс парадында неге маска тақпай жүрді?

Тоқаев Жеңіс парадында неге маска тақпай жүрді?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы президенттің Мәскеуде өткен Жеңіс парадында неліктен маска кимегені жайлы пікір білдірді, - деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі  Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 24 мамыр күні ҚР президенті Ресей ұйымдастырған Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған салтанатты шеруге қатысқан болатын. Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің шетелдік әріптестері мен ресейлік ардагерлердің арасында маскасыз отырды. Осыған орай қазақстандықтардың арасында бірқатар түсінбеушілік туындаған еді. Мемлекет басшысының баспасөз хатшысының айтуынша, президенттер мен ардагерлерге арнап арнайы трибуна орнатылған. Қонақтар отырған жер бірнеше қайтара дезинфекциядан өтіпті. "Ол жаққа коронавирусқа тексеріліп, ПТР тесттің нәтижесі теріс болған делегация мүшелері жіберілді. Барлығы да тексерістен өтті. Сол себепті қиындықтар туындаған жоқ. Мысалы Қырғызстаннан келген делегация мүшелерінен коронавирус табылды. Сооронбай Жээнбеков сол себепті салтанатты шараға қатыса алмады", - деді Берік Уәли. Еске салайық, бұған дейін Тоқаев парадқа Георгий лентасын тақпай шыққаны жайлы айтылған еді.