Жаңалықтар

Түркістан облысының полицейлері карантин кезінде ұйымдастырылған тойға қатысқан

Түркістан облысының полицейлері карантин кезінде ұйымдастырылған тойға қатысқан

Әлеуметтік желілерде Түркістан облысында карантин кезінде ұйымдастырылған мерекелік шараға қатысқан лауазымды полиция қызметкерлері түсірілген видео тарады, - деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. Осыған байланысты құқық қорғау органдары қызметтік тексеріс жүргізді. "Тексеру барысында 12 маусымда Түркістан облысы Төле би ауданындағы демалыс аймағында карантин кезінде ұйымдастырылған салтанатты іс-шараға Шымкент полиция департаментінің қызметкерлерінің бірі, сондай-ақ оқу орталығы мен өңірлік мамандандырылған күзет қызметі басқармасы бастықтары қатысты. Барлық лауазымды тұлғалар мемлекеттік қызметшінің этикалық кодексін бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - деп хабарлады полицияда. Сонымен қатар, Түркістан облыстық полиция басқармасы демалыс аймағының әкімшілігіне айыппұл салынады деп хабарлады. Видеоны қарап шыққаннан кейін құқық қорғау органдары Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің "мемлекеттік ақылау және қадағалау органдары лауазымды адамдарының өз лауазымдық міндеттерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны және олардың өз өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін жауаптылығы" бойынша жазалауға шешім қабылдады. "Санитар дәрігерлер демалыс аймағының әкімшілігіне қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 462-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасады. Жиналған материалдар тиісті шешім қабылдау үшін Төлеби аудандық сотына жіберілді. Іс-шараның қонақтары мен ұйымдастырушыларымен санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді сақтау қажеттілігі туралы алдын-ала әңгіме жүргізілді", - деді облыс полициясында.