Жаңалықтар

Бұрынғы мектеп директоры: Жұмыстан негізсіз босатты

«Мені жұмыстан негізсіз босатып жіберді». Түркістан облысындағы Борлысай жалпы орта мектебінің директоры қызметін атқарған Шынаркүл Бекберген осылай деп арнамыздан араша сұрады. Оның айтуынша, Бәйдібек аудандық білім бөлімінің басшысы өткен-кеткенді қазбалап, соңында сауатты себеп болмағанына қарамай ,бар жоғы 15 минуттың ішінде жұмыстан босатылғаны туралы бұйрықты ұстата салған. Бұған шенеуніктер не дейді? Бұл туралы  NewsRoom+ тілшісі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды. ШЫНАРГҮЛ БЕКБЕРГЕН  БОРЛЫСАЙ ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ БҰРЫНҒЫ ДИРЕКТОРЫ: «Сол арызды қайталай береді да ең соңында 5 баланы қосады, ең соңғы пунктінде мені "сиқымсың" деп жазып қояды. Мен Сиқым болғаныма жазықтымын, бізді руға бөледі деп те жазған. Оны да тексеріп көрген. -Сол ауылдағы жалғыз сиқымсыз ба?  Сол ауылдағы мен жалғыз сиқымның қызымын.» Шынаргүл Бекберген Борлысай мектебінің директоры лауазымынан босатылуына тұщымды себеп таппай дал. Арасында ауылдағы жалғыз бөтен рудан болғандығымнан ба деп те қүмәнданады. Оның үстіне кейбір әріптестері тәжірибелі ұстазды «Тегін директор» деп те атайды екен. Көпшіліктің бұлай деуін бұрынғы мектеп директоры жұмысқа өз күшімен тағайындалғандығымен байланыстырады. Соны бәз-біреулер көре алмаса керек, басшылықта болған бар-жоғы бір жылында арыз оқша бораған. Алайда оның ешбірі құзырлы органдардың тексеруінің нәтижесінде заңды негізін таппапты. ШЫНАРГҮЛ БЕКБЕРГЕН  БОРЛЫСАЙ ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ БҰРЫНҒЫ ДИРЕКТОРЫ: «Ешкімге ешқандай ақша да ештеңе бергенім жоқ. Бірақ менің атым кей кездерде аталып қалады екен. «Тегін директор» деп аталады екен. Неге мені тегін директор деген атты түсінбей, осы сұраққа жауап таба алмай келе жатырмын. Қандай, тегін директоры деген не ол ? Сонда мен біреуге директоры болғаным үшін айыппұл не болмаса салық төлеп отыруым керек пе? Мен конкурсқа түстім. Конкурс арқылы барып-барып оттым. Заврайонаға мен директор болам деп кірген емеспін ешуақытта. Может содан кейін жақпайтын шығармын. Басқа бұл жерден басқа ештеңе таппадым». Директордың мәселесі аудан әкімдігі жанындағы жұмысшы топтың отырысында да қаралыпты. Онда білім бөлімі тарапынан жіберілген олқылықтар басшылықтың бетіне басылса да, оны мойындаған шенеунік жоқ, тиісінше, екі тарап бітімге келе алмаған. БАҒДАТБЕК ЖАНҒАЗИЕВ  БӘЙДІБЕК АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Жұмыстан босатуға негізге алған мәселелер ол жерде көбісі заңға тура келмейді. Екі жақты келісімге келмегеннен кейін келісім комиссиясына жүгінуге, және әрі қарай сот тәртібімен шешуге жолданған болатын.» Ал, аудандық білім бөлімінің басшысымен бетпе-бет тілдесу мүмкін болмады. Айтуларынша, мектеп директорының үстінен арыз толастамаған көрінеді. Оның жауапкершілігі қаралған отырыста да барлығы директордың орнынан кетуін ұсыныпты. АЙНҰР ҚАЛАУБАЕВА  АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ: «Мектептің ұжымының арасынан ол кісі тағайындалғаннан бері бірнеше арыз-шағымдар тоқтамады. Әртүрлі тақырыпта жазылады. Тәрбие саласына қатысты психолог, әлеуметтік педогогтардың жұмыстарында көптеген кемшіліктер орын алды. Енді ол жұмыстың бәріне қадағалаушы мектептің басшысы ғой. Облыстық білім басқармасының тарапынан да қайта-қайта бізге хаттар келіп түсіп жатты. Жауапкершілігін қарау жөнінде мектеп директорының сол себепті бізге босатуға тура келді мектеп директорын.» Орнынан босап қалған мектеп директоры бұл айтқандармен келіспейді. Арыздардың барлығы негізсіз, алқа мәжілісінің отырысында ешкі мені орнымнан алып тастау жөнінде тіс жармады, дейді. Шынаргүл Бекбергеннің бар мақсаты өзінің заңды қызметіне қайта жайғасу. Ендігі жерде ол мәселеге нүкте қою үшін сотқа шағымданбақ.