Каспийдің басшысы Михаил Ломтадзе "Халық алғысы" медалімен марапатталды
Каспийдің басшысы Михаил Ломтадзе "Халық алғысы" медалімен марапатталды
Каспий банктің басшысы Михаил Ломтадзе еліміздің президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тағайындаған "Халық алғысы" медалімен марапатталды, - деп хабарлайды NewsRoom+ақпарат агенттігі Tengrinews-ке сілтеме жасап.
Марапатты Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев табыстаған. Бұндай марапатқа ие болған Михаил Ломтадзе өз алғысын былай жеткізді:
"Бұл марапат-төтенше жағдай кезінде сүйікті клиенттеріміздің әлеуметтік жәрдемақы алу үшін Kaspi.Gold шотын қашықтықтан ашуға мүмкіндік алуы үшін күні-түні тынбай еңбек еткен Kaspi.kz-тің әр қызметкері, барлық серіктестер мен әріптестердің еңбегі.
Ұлттық банктегі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіндегі және Азаматтарға арналған үкіметтегі әріптестерімізге жұмыс барысында жедел көмек көрсеткендері үшін мың алғыс. Нәтижесінде қазақстандықтар бөлімшеге келмей-ақ өз денсаулықтарын күте отырып, коронавирус жұқтыру қаупін төндірмеді.
Осылайша kaspi.kz қосымшасы арқылы 4,4 миллион теңге аударылғанын айта кеткенім жөн".
Айта кететін болсақ, қиын-қыстау кезінде еліміздің өміріне үлес қосқан 343 азаматқа "Халық алғысы" медалі табысталған. Олар дәрігерлер, полиция қызметкерлері, әскерилер, мәдениет қайраткерлері, БАҚ өкілдері, волонтерлар және меценаттар.