Коронавирус жұқтырған адам өмір бойы зардап шегуі мүмкін
Коронавирус жұқтырған адам өмір бойы зардап шегуі мүмкін
Коронавируспен ауырған науқастар өмірінің соңына дейін инфекцияның зардабын шегуі мүмкін. Бұл туралы Ұлыбританияның ұлттық денсаулық сақтау қызметінің мамандары айтып берді,- деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
COVID-19 британдық қалпына келтіру орталығының жетекшісі Хилари Флойд созылмалы ауруы жоқ орта жастағы адамдардың коронавирустан емделіп шыққанан кейін әлсіз әрі тез шаршайтын болып қалатынын айтты. Сонымен қатар, ғалымдар коронавирустық инфекция болашақта Альцгеймер ауруының пайда болу қаупін арттыратынын анықтаған.
Денсаулық сақтау қызметі әрбір үшінші пациентте өкпе фиброзы, сонымен қатар өмір бойы физикалық әлсіздік пен ақыл-ойдың нашарлауы байқалатынын айтты. Сонымен, ауруға шалдыққандардың 70 пайызы сананың бұзылуынан зардап шегуі мүмкін. Сондай-ақ, 10 пайыз жағдайда жүрек қызметінің нашарлайтынын айтты.
Профессор Питер Оффшавтың айтуынша, пациенттерге денсаулықты толығымен қалпына келтіру үшін орташа есеппен бір жыл қажет. Алайда, олардың кейбіреулері ешқашан толық өмірге орала алмайды.