Жаңалықтар

Сауда орталықтарында 40 минуттан артық жүруге тыйым салынады

Перуде үш айдан астап уақыттан кейін ірі сауда орталықтары қайта ашылады. Бұл туралы NewsRoom+ тілшісі Caravan.kz медиа порталына сілтеме жасап. Бірақ індеттің қайта таралуын болдырмас үшін санитарлық талаптар қатаң сақталуы тиіс. Тұрғындар сауда орнына кірмес бұрын дене қызуын тексертіп, қолдары мен аяқ киімдерін зарарсыздандыруы қажет. Және де ғимарат ішінде 40 минуттан артық жүруге тыйым салынады. Айта кетейік, Перуде 90-нан астам ірі сауда орталығы бар. Олардың 60 проценті ел астанасы Лимада орналасқан.