Ғалым коронавирус пандемиясының қашан аяқталатынын айтты
Ғалым коронавирус пандемиясының қашан аяқталатынын айтты
Қытай инженерлік ғылымдар академиясының академигі, Қытайдың жетекші эпидемиологтарының бірі Чжун Наньшань коронавирус індетінің аяқталу мерзімін атады, - деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Вирусолог COVID-19 биылғы қыста - 2021 жылдың көктемінде жойылып кетпейді деп болжайды, бірақ жұқтырудың кең ауқымды екінші толқыны болмайды.
Эпидемия қыста-көктемде жойылмайды, ол жалғасады, биылғы қыста - келесі жылдың көктемінде жұқтыру көбеюі мүмкін. Бірақ мен әлемдегі ауқымды бірінші толқын сияқты екінші толқын болады деп ойламаймын", - деді Чжун Наньшань.
Ол қажетті уақытта инфекцияның жергілікті өршуінің таралуына жол бермеу үшін ұшуларды қысқарту, оқу орындарында сабақтарды тоқтату сияқты қысқа мерзімді қатаң шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.
Қытай билігі 2019 жылғы 31 желтоқсанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын елдің орталық бөлігіндегі Ухань қаласында (Хубэй провинциясы) белгісіз пневмонияның өршуі туралы хабардар етті. Мамандар аурудың қоздырушысы жаңа коронавирус болғанын анықтады, кейінірек инфекция ресми COVID-19 деп аталды. ДДСҰ 11 наурызда COVID-19 пандемиясын жариялады.