Жаңалықтар

Коронавирус тағам арқылы жұғады ма? Маман жауап берді

Коронавирус тағам арқылы жұғады ма? Маман жауап берді

Әлем бойынша коронавирустың тамақ арқылы таралуы әлі тіркелмеген. Бұл туралы Қытайды денсаулық сақтау жөніндегі сарапшысы Ли Фэнцинь мәлімдеді, - деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. "Коронавирус тағам арқылы жұқпайды. Әлем бойынша індеттің тамақтан таралу жағдайы тіркелмеген. Жалпы деректерге сүйенетін болсақ, COVID-19 ас өнімдері арқылы адамға берілмейді. Бірақ бұл тағам вируспен ластанбайды деген сөз емес", - дейді маман.
Сөзінше, азық-түлік өнімдері қаптамадағы вируспен не болмаса коронавирусқа шалдыққан тағам өндірушінің кесірінен ластануы мүмкін екен. Айта кетейік, ауру тағам арқылы таралады деген ақпарат Бейжіңдегі коронавирустың жаңа түрінің пайда болуына байланысты шыққан. Мутацияға ұшыраған инфекция қаладағы базардан анықталған. Еске салайық, бұған дейін қазақстандық сарапшы коронавирусты қымызбен және жылқы етімен емдеуді ұсынған еді.