Жаңалықтар

Қазақстандық сарапшы коронавирусты емдеу үшін қымыз ішіп, жылқы етін жеуді ұсынды

Қазақстандық сарапшы коронавирусты емдеу үшін қымыз ішіп, жылқы етін жеуді ұсынды

Айран, қымыз және жылқы еті коронавируспен күресте адам иммунитетіне жақсы әсер етеді. Бұл туралы , Қазақ тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шарманов мәлім етті, - деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі  Қазақстан ұлттық арнасына сілтеме жасап. Иммунитетті көтеру, ұзақ өмір сүрудің қыр-сырымен Қазақ тағамтану академиясының президенті, Төрегелді Шарманұлы бөлісті.
"Айран, қымыз және жылқы еті коронавируспен күресте адам иммунитетіне жақсы әсер етеді. Бәрінің қолы жете бермейді дейтін шығарсыздар, дегенмен реті келсе жылқы еті – белок адам ағзасына ерекше жақсы әсер ететін тағам. Тағам мәселесіне бірден-бір көңіл аудару керек. Екіншіден, тепе-теңдік жағдайда қимыл - қозғалыс, жаяу жүру. Тамақты тойып алып жатуға болмайды", - дейді сарапшы. Еске салайық, бұған дейін денсаулық сақтау министрлігі коронавирусты арақпен емдеуге бола ма деген сұраққа жауап берген еді.