«Қайдасың Сайлаубек». Ішімдікке тойынған рэпер көшеде жатыр

24 Қазан, 2018 1682 0

Әлеуметтік желіде түсініксіз рэптерімен танымал болған МС Сайлаубек бұрынғы жағдайына қайта түскен бе? Рэпердің ішімдікке тойып ап көшеде жатқанын жерлестерінің бірі видеоға түсіріп, Instagram әлеуметтік желісіндегі 100baksoff парақшасына жолдаған. Бұл туралы newsroom+ агенттігі sn.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды. 

Кадрда МС Сайлаубек жерде ұйықтап жатыр. Оны таныған ер адам атын атап оятады. Рэпер болса көзін әрең ашып, мең-зең күйінде жауап бергендей болады.

Айта кетейік, МС Сайлаубек танымал бола бастаған соң өзіне директор да тағайындаған. Тіпті ішімдікті қойып, отбасын құрғанын да мәлімдеген еді.

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.