Колледждің 2-ші курс студенті баласын қоқысқа тастап кеткен

23 Қазан, 2018 1654 0

Павлодар облысы Ақсу қаласында қоқыс жәшігінен жаңа туған нәрестенің өлі денесі табылды деп жазады newsroom+ агенттігі sn.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға 21 қазан күні болған.Шақалақтың анасын іздеуге полицейлер итті жіберген.

Жергілікті денсаулық сақтау басқармасындағылар нәрестенің анасы музыкалық колледждің 2-курсында оқитынын айтады. Студент жүктілігі бойынша емханаға есепке тұрмаған.

Ақсу орталық ауруханасының гинекология бөліміне жатқызылған ол медициналық және психикалық көмек алудан бас тартып отыр. Осы іске қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.