Жаңалықтар

Бір-біріне жол бермей жарысқан екі автобус соқтығысып қалды

Жол-көлік оқиғасы кезінде ешкім зардап шеккен жоқ. Қостанай қаласында екі автобус соқтығысты, – деп жазады NewsRoom+ тілшісі Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап. Оқиға бүгін КСК шағын ауданында Қобыланды батыр көшесінде болған. Куәгерлердің айтуынша, қоғамдық көліктер қатты жылдамдықпен жарысып келе жатқан. «Mercedes маркалы №13 маршруттық автобусының 61 жастағы жүргізушісі қашықтықты сақтамай, Volvo маркалы автобуспен соқтығысты. Полиция қызметкерлері іс жүргізу шешімін қабылдау үшін әкімшілік материал жинады. Жол-көлік оқиғасы кезінде ешкім зардап шеккен жоқ», – дейді полицияның баспасөз қызметі маманы Кенже Қонысбай.