Жаңалықтар

Тоқаев коронавирусқа байланысты шұғыл шара қолдануды тапсырды

Тоқаев коронавирусқа байланысты шұғыл шара қолдануды тапсырды

Президент үкімет пен облыс әкімдеріне коронавирус пандемиясының таралу көрсеткішін қысқартуды тапсырды, - деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі Oinet.kz порталына сілтеме жасап. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму барысы жайындағы есептерін тыңдады. Мемлекет басшысына премьер-министр Асқар Мамин, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар облыстары әкімдері коронавирустың таралуына қатысты қалыптасқан ахуал туралы есеп берді.