Жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда 1989 жылы туған жігіт көпқабатты үйден құлап көз жұмды

Нұр-Сұлтанда 1989 жылы туған жігіт көпқабатты үйден құлап көз жұмды

Нұр-Сұлтанда 1989 жылы туған жігіт көпқабатты үйден құлап көз жұмды, - деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап. «21 маусым күні кешкі уақытта қалалық жедел медициналық жәрдем станциясына көп қабатты ғимараттан құлаған ер адам туралы қоңырау түсті. Дәрігерлер тобы дереу оқиға орнына жетті. 1989 жылы туған ер адам №2 көпсалалы қалалық ауруханаға жеткізілді. Өкінішке қарай, алған ауыр жарақаты салдарынан ол қайтыс болды», - деп хабарлайды басқармадан. Дәл сол күні сол мекенжайда тағы бір осындай оқиға тіркелген. «Көп қабатты үйден әйел адам құлаған. 1986 жылы туған әйел №2 көпсалалы қалалық ауруханаға жеткізілді. Оның жамбас сүйегі сынған. Бас сүйек-ми жарақатын алған. Барлық қажетті медициналық көмек толық көрсетілді, ол палатада жатыр», - делінген хабарламада.