Жаңалықтар

Шағын бизнесті қаржыландырудың 6 оңтайлы тәсілі - ВТБ Банк ұсынады

Шағын бизнесті қаржыландырудың 6 оңтайлы тәсілі - ВТБ Банк ұсынады

Кәсіп ашып онымен айналысуға өз қаражатымыз жетіспеген жағдайда, қосымша қаржы көзін қайдан табуға болады деп бас қатыратынымыз рас. Гүлге су қажет сияқты, шағын бизнеске де әрдайым қаржылық қолдау керек. Себебі сонда ғана кәсібіңіз өрге домалап, дамып, бәсекелестермен терезесі тең болады. Осы орайда, бүгін біз ВТБ Банк ұсынатын бизнесті қаржыландырудың оңтайлы тәсілдерімен бөліспекпіз. Егер бизнесіңізді дамытуға қаражат жеткіліксіз болып тұрса, банкке хабарласып несие алуға өтініш беріп көріңіз.
Бұл кім үшін пайдалы?
Несие жеке тұлғаларға, сондай-ақ жұмыс істейтін кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға қол жетімді. Кәсіп жүргізу тәжірибесі болмаған жағдайда банктен несие алу қиынға соғады. Әрбір банк, әдетте, кем дегенде 1-2 жылға дейін және одан да көп бизнеспен айналысқан тәжірибелі адамдарға несие береді. Егер сіздің тәжірибеңіз болмаса, мұнай жағдайда жеке тұлға ретінде банкке жүгініп, ақшалай несие алуға болады. ВТБ Банкі клиенттері үшін барлық жағдайды қарастырады, несиенің түр-түрін жағдайыңыз бен кәсібіңізге қарап сәйкестендіреді. Оның ішінде шағын бизнес үшін әртүрлі несие түрлерін ұсынып, осылайша қазақстандық кәсіпкерлерге түрлі бизнес-мәселелерді сәтті жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Төмендегі несие түрлерінен қалауыңыз бен кәсібіңізге байланысты өзіңізге қажеттісін таңдаңыз. ВТБ Банкте несие алудың бірқатар артықшылықтары бар: ВТБ Банкте несие алудың бірқатар артықшылықтары бар:  -    әрбір клиентке өзіндік әдіс -    өтінішті қысқа мерзімде қарастыру -    құжат тізімінің аздығы -    кепілдік қамтамасыз етудің икемді жүйесі Несие рәсімдеу үшін өтінішті алдын ала беру "Авто несие" Жақында су жаңа көлік алуды жоспарлап жүрсеңіз еш ойланбастан “Авто несиені” қолдансаңыз болады, бұл арқылы Банк қайталама нарықтан сатып алынатын автокөлікті де кепілге береді. "Авто несие" 450 000 теңгеден 145 000 000 теңге дейінгі көлемде беріледі. "Овердрафт" Қандай да бір айыппұл санкцияларынсыз мерзімінен бұрын алуға және өтеуге болатын қысқа мерзімге арналған қаржы керек болса, "Овердрафт" несие түрін таңдауыңызға болады. Минималды несие мөлшері 300 000 теңгеден басталып, 145 000 000 теңгеге дейін жетеді. "Шағын несие" Егер сіз өндірісті кеңейтуді немесе жаңашаландыруды жоспарласаңыз және ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді банктік қаржыландыруға мұқтаж болсаңыз, "Шағын несие" дәл сізге ыңғайлы болмақ. Аты шағын болғанмен, бұл несие түрінде қомақты қаржыға ие бола аласыз, Банк 3 000 000 теңгеден 150 000 000-ға дейінгі көлемде қаражат ұсынады. “Жылдам несие” ВТБ Банкі ұсынған "Жылдам несиесінің" көмегімен сіз қысқа мерзімде қажетті сомада қаражат ала аласыз. Мұнда 1000 000-нан 100 000 000 теңгеге дейінгі аралықта қаржы алуға болады. "Премиум несие" Шағын кәсіп иелері айналымды толықтыру, сондай-ақ басқа банктердегі берешекті қайта қаржыландыру мақсатында жеке шарттар бойынша қаражат алуларына болады. Ал бұл категория бойынша Банк 75-100 000 000 теңге дейін қарызға несие ұсынады.  “Бизнес экспресс” Егер сізге қысқа уақыт аралығында кепілдіксіз әрі аз құжат тізімімен несие алу қажет болған жағдайда, Банк “Бизнес экспресс” өнімін ұсынады. Несие мөлшері кем дегенде 300 000 теңгеден, кепілдіксіз максималды 3 000 000 теңге, кепілмен 10 000 000 теңгеге дейін беріледі. Толығырақ мына сілтеме бойынша оқи аласыз Кәсіпті дөңгелету жолында ерінбей тер төгу бір болса, нақты стратегиялық қадамдар арқылы мақсатқа жету енді бір төбе. Табысты бизнеске жетелейтін бірден-бір тәсіл, кәсібіңізді қаржыландырудың ең алғашқы қадамы сапалы өнім ұсынатын Банк таңдау екенін ұмытпаған жөн.
Ақпарат: Stan.kz  порталынан