TWESCO басшысы TRT өкілдерін қабылдады

22 Қазан, 2018 1045 0

Халықаралық Түркі академиясының (TWESCO) басшысы Дархан Қыдырәлі Түркия телерадио корпорациясы (TRT) Астана өкілдігінің жетекшісі Абдулхамид Авшар бастаған журналистерді қабылдады.

Кездесуде Академия басшысы ұйымның түркі тілдес мемлекеттер арасындағы мәдени-гуманитарлық интеграцияны тереңдетудегі, бауырлас халықтардың өзара қарым-қатынасын нығайтудағы рөліне тоқталды. Сонымен қатар, Академия тарапынан жүргізіліп жатқан зерттеу жұмыстары мен жобалар жайлы айтып берді. Өз кезегінде TRT Астана өкілдігінің жетекшісі Түркия телерадио корпорациясының Орталық Азия, соның ішінде Қазақстанға қатысты ұстанған медиасаясаты турасында әңгімеледі. Түркиялық журналистер корпорацияның түркі дүниесіне қатысты бірқатар жоспарлар құрғанын атап өтті. Әрі түркі тарихы мен әдебиетіне, мәдениетіне қатысты жобаларды жүзеге асыруда TWESCO тәжірибесінің мол екендігін атап өтіп, бірлесе жұмыс істеуге ниетті екендіктерін жеткізді.

Тегтер: TWESCO, TRT, ДарханҚыдырәлі, АбдулхамидАвшар

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.