Жасы 50 - ге тақаған модель көркімен бүкіл жұртты таңқалдырды
Жасы 50 - ге тақаған модель көркімен бүкіл жұртты таңқалдырды
Жасы 50- ге тақаған жапониялық модель ерекше көркімен әлем назарына ілікті. Риса Хираконың көркіне тәнті болғандар оның әлеуметтік желідегі парақшасына жазылуда арудың бүгінде 220 мың оқырманы бар.
47 жастағы модель өзінің жас көрінетіндігін мақтан тұтады. Ол өзінің сұлулығының себебі жас кезінде жасалған күтімнің арқасында екенін айтты. Мінсіз мүсінін сақтаған әйел бойжеткендерді сұлулық күтімдері үшін барынша ақшаны аямауға шақырады.
Сонымен қатар Риса Хирако жасандылықтың қарсыласы болып шықты ол қазіргі таңда баттастырып боянып алуды әдет еткен қыздарды құптамайтынын айтты.
Қазіргі таңда өзінің әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы оқырман қыздарына сұлулық тақырыбында өз келелі кеңестерімен бөлісуде.
Дайындаған: Ділдақан Майра