Димаш достарынан неге айырылды?

19 Қазан, 2018 668 0

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген әлеуметтік желідегі парақшасында жалғыз ғана досының қалғанын айтып, тыңдармандарын алаңдатып қойды. Айтуынша, өмір барлығын реттеп, нағыз достарды іріктеп шығарады. Бұл туралы newsroom+ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасай отырып хабралайды.

Белгілі әнші Димаш Құдайберген әлеуметтік желідегі оқырмандарына жан досын таныстырды. Сондай-ақ, жұлдыз бүгінде өзінің көп адаммен етене жақын араласа бермейтіні туралы жазба қалдырды.

"Қазіргі заманда шынайы дос табу — қиынның қиыны. Өмір сүре келе көп нәрсеге көзіңнің ашылатыны тағы бар. Кейбір адамдарды қателесіп дос деп қабылдасақ та, өмір бәрін өз орнына қояды екен. Ерлан Бекчурин ағамызды санамағанда қазір жалғыз ғана досым — Айсұлтан. Бұл — екеуіміз 9 жыл бұрын түскен фото. Бауырым, аман бол! Талай арманымызға қол жеткізіп жүре берейік! 100 досың болғанша, 1 нағыз досың болсын", — деді Димаш Құдайберген.

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.