Ақтөбедегі лифтіде жаншылып өлген тележүргізуші ісі — кінәлілер жазаланды

19 Қазан, 2018 1787 0

Сот Ақтөбедегі көпқабатты үйлердің біріне орнатылған лифт ішінде өлген тележүргізуші ісіне қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды newsroom+ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасай отырып.

Жантүршігерлік оқиға биыл 4 сәуір күні болды. "Қазақстан-Ақтөбе" каналының тележүргізушісі Айзат Әбдісамат сол күні жұмыстан келе жатқан күйеуін күтіп алмақ болады. Әйел қызымен бірге лифт кабинасына кіреді. Бірінші баланы өткізіп жіберіп, кейін өзі кірмек болғанда лифт есігі жабылып, жоғары қарай жүріп кетеді. Әйел қызының көзінше өлді.

Кінәлілер қанша жылға сотталды?

Бүгін Ақтөбе қаласындағы №2 соттың судьясы Ербол Әбдіхалықов айыпталушыларға үкім оқыды. Ол ҚР ҚК 306-бабының 3-бөлігіне сәйкес, "Талаптарға сай келмейтін қызмет түрін көрсету" бойынша "Жаңабек-сервис" ЖШС жетекшісі Кенен Жаңабек пен кәсіпкерліктің механигі 62 жастағы Жарылқасын Ақжановты кінәлі деп таныды.

 

Кенен Жаңабеков шартты түрде 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот, сондай-ақ, оны коммерциялық ұйымдарда бес жылға дейін басшы болуға тыйым салды.

 

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.