Данияр Елеусінов жекпе-жегі алдында журналистермен кездесті

19 Қазан, 2018 535 0

«Хабар» телеарнасы Данияр Елеусіновтің (3-0, 1КО) кәсіпқой бокстағы төртінші жекпе-жегін тікелей эфирден көрсетеді, деп хабарлайды newsroom+ порталы  «ҚазАқпарат» ХАА-ға сілтеме жасап.

Елеусіновтің алдағы жекпе-жегі 20 қазан күні Американың Бостон қаласында өтеді. Оның қарсыласы - 30 жастағы америкалық боксшы, «Дәуіт» лақап атымен белгілі Мэтт Доэрти (8-5-1, 4КО). «Қазақстанның кәсіпқой боксы» ВКонтакте әлеуметтік желісінде мәлім еткендей, алты раундқа есептелген айқасты Қазақстан аумағында «Хабар» телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді.

Трансляция жексенбі күні, Астана уақытымен сағат 06.00-де басталады. Айта кетейік, 27 жастағы Елеусіновтің мүддесін қорғайтын Matchroom Boxing промоутерлік компаниясы оның кәсіби бокстағы бесінші жекпе-жегінің қашан және қайда өтетінін де жариялаған болатын.

Оның қарсыласы әзірге белгісіз. Еске салайық, Данияр Елеусінов биылғы 4 тамызда өткен жекпе-жекте венгриялық Габор Горбичті (26-13, 16КО) ұпай санымен жеңген болатын. Бұдан кейін қазақстандық боксшының BoxRec.com танымал сайтындағы рейтингі бірден 75 сатыға жоғарылады.

 


Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.