Шымкент қаласы туралы 10 дерек
Шымкент қаласы туралы 10 дерек
Бүгін Шымкентте "қала күні" мерекесі. Әр қаланың, әр өңірдің өз ерекшелігі бар. Осыған орай, еліміздің оңтүстігінде орналасқан, көне қала Шымкент қаласы туралы қызықты 10 деректі ұсынбақпыз.
1.Шымкент қаласының атауы 1992 жылы 8 қыркүйекке дейін Чимкент болып аталған. Кейбір тарихи мәліметтерге сүйенсек, ол "Жасыл қала" деген атқа ие болған. Яғни «Шымкент» сөзінің атауы түркінің "Шым" және иранның "Кент" - қала, мекен деген сөздерінен құралған.
2.Шымкент ең көне қала. Биыл ол өзінің 2200 жыл толып отыр. Осыған орай ол ЮНЕСКО-ның мерейтойлық күнтізбесіне енген.
3.Шымкент еліміз бойынша аумағы жағынан ең алып қаланың бірі және бірегейі. Соңғы жылдары қалаға жақын үш ауданнан 40-тан астам елдімекен Шымкент аумағына қосылды. Соның нәтижесінде шаһар аумағының көлемі 1170 шаршы шақырымға жетті. Мысалы келтіре кетсек, Алматы қаласы 682, ал Нұр-Сұлтан қаласының көлемі 810 шаршы шақырымды құрайды.
4.Шымкент қаласы Қазақстанның үшінші мегаполисі статусына ие.
5.Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі үш оқтың екеуі Шымкентте жасалынған. Соғыс жылдары Шымкент майданға әртүрлі өндірістік қажеттіліктермен қамтамасыз еткен қалалардың бірі болған. Олар танкілердің бөлшектері, снарядтар, металдар, оптикалық құрылғылар және өзге де өнімдерді жеткізіп отырған.
6.Шымкент ең ыстық қала. 365 күннің 300 күнінде күннің сәулесі шуақ шашып тұрады. Ал жайма шуақ жаз айлары мамыр айынан бастап қазанға дейін созылады.
7.1956 жылы бүгінгі таңдағы Әнұранамыз "Менің Қазақстаным" әнін Шәмші Қалдаяқов алғаш Шымкенттегі филармонияда жазған екен.
8.Шымкент көпбалалы отбасылар мекені. Оңтүстік өңірдің еліміздің демографиясына қосатын үлесі өте көп. Статистикалық мәліметтер бойынша, шымкенттіктер бала туу оның ішінде егіздер санымен көш бастап тұр.
9.Шымкент дәмді және арзан тағамдар мекені. Басқа өңірлерден Шымкентке дәл сол тағамдар үшін келетіні жасырын емес.
10.Тағы бір қызықты дерек ол шымкенттіктердің қонақжайлылығы. Дәл осы ерекше қасиетімен өзгелерден дараланып тұрары анық. Шымкенттіктер барлық дәмді асын алдыңызға қойып, қонағына құшағын айқара ашып, жүрекпен күтеді.
Туған күніңмен, Шымкент!