Жаңалықтар

52 млрд теңгенің 43 жобасы аяқсыз қалған

52 млрд теңгенің 43 жобасы аяқсыз қалған

Елімізде 52 млрд теңгенің 43 жобасы аяқсыз қалған. Бұл туралы Сенат отырысында Есеп комитетінің төрағасы мәлімдеді. Наталья Годунованың сөзінше, аталған жобаларды бастауға қаншама шығын шыққанымен, аяқтау мүмкін болмай тұр. Кей бастамалар, тіпті, 5 жыл бойына тұралап қалған. Өткен 2019 жылы да мұндай шығындардың мөлшері республикалық бюджеттің 14 пайызын құраған, деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.  width= НАТАЛЬЯ ГОДУНОВА, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ ОРЫНДАЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ ЕСЕП КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: «Қай өңірде қандай нысандар туралы әңгіме айтылып отырғанын бәрі де біледі. Әлбетте ол жобаларды аяқтауға қосымша қаражат керек. Ал аймақта ол сома жоқ. Бұл факттар Мемлекет басшысының әлеуметтік-экономикалық тиімділігіне ие жобаларды қаржыландыру туралы тапсырмасына қарама-қайшы келеді». https://www.youtube.com/watch?v=1DWxvORGkfU