Жаңалықтар

Алмас Кішкенбаев бұрынғы әйелі жайлы: Оның өз өмірі бар

Алмас Кішкенбаевтың сәтсіз некесі жайлы желі қолданушылары арасында көп айтылады. Әнші бұрынғы некесі жайлы желі қолданушыларына жауап берді. Ол әйелімен қайта қосылмайтынын кесіп айтты. 
Алмас Кішкенбаев бұрынғы әйелі жайлы: Оның өз өмірі бар Желідегі тікелей эфирде желідегі оқырмандарымен сұхбат құрған әнші көптің көкейінде жүрген бірқатар сұрақтарға жауап берді.
Әншіден сәтсіз некесі, бұрынғы әйелімен арақатынасы, қыздары туралы сұрайтындар көп. Олар "қайта қосыласыздар ма?" деген сауалды көп жолдайды. "Мен Мөлдірмен кездесіп тұрамын. Қыздарыммен жолығып тұрамын. Оларды жақсы көремін. Олар да мені жақсы көреді. Мөлдірдің өз өмірі бар. Біз туралы жаза бермеңіздерші. Жетер енді. Бұл тақырыпта сөз қозғамауларыызды өтінемін. Айта бергім келмейді", - деді Кішкенбаев. Желі қолданушыларының бірі әншінің сөзін құптаса, енді бірі қайта қосылуға кеңес береді. "Сіздердің сүп-сүйкімді екі қызыңыз бар. Қалай қосылмайсыздар? Балаларды ойлаңыз", "Жарасымд жұпсыздар, неге айырылыстыңыздар, көз тиген шығар", "Әркім өзі біледі, өз өмірлері ғой, жеке мәселеге араласудың керегі жоқ", - деді олар.