Жаңалықтар

Шымкентте карантиндік шектеулер қайта күшейтілді

Шымкент қаласы тұрғындарының өмірі мен денсаулығын қорғау мен эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру, короновирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында, күнделікті (дүйсенбі-жұма) 2020 жылғы 22 маусымнан бастап қолданыстағы қабылданған шектеу шараларына қосымша келесі шектеулер қабылданды, деп хабарлайды Newsroom+ тілшісі ERNUR.KZ. порталына сілтеме жасап.  width= 1) Онлайн режімінде көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, жұмыспен қамту және халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесі таңертең сағат 08.00-ден 12.00-ге дейін шектелді; 2) Қоғамдық көліктер әрі қарай дезинфекциялық шараларды жалғастыра отырып, жұмыс режимі таңертең сағат 07.00-ден 11.00-ге дейін, кешке сағат 17.00-ден 20.00-ге дейін шектелді; 3) Қала тұрғындарына, әсіресе 65 жастан асқан тұлғаларға мүмкіндігінше үйде отыру ұсынылды. Шымкент қаласындағы карантин мерзімі 6 шілдеге дейін ұзартылды. Естеріңізге сала кетейік, Шымкентте коронавирус жұқтырғандар саны 1185-ке жетсе, 12 науқас індеттен көз жұмған.