Маңғыстаулық келіншек екі банктегі несиелерін жабу үшін жаңа туған сәбиін сатқан
Маңғыстаулық келіншек екі банктегі несиелерін жабу үшін жаңа туған сәбиін сатқан
ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми сайтындағы мәлімет бойынша, Маңғыстау облыстың полиция бөлімшесіне, баласын кері қайтара алмай жүрген келіншек арызданған деп жазады NewsRoom+ақпарат агенттігінің тілшісі zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Анықталғаны, келіншек мамыр айында өзінің жаңа туған сәбиін бұрын таныс емес әйелге асырап алуға берген. Есесіне ол әйел екі банктегі 907 мың теңге берешек қарызын жауып беруге келіскен. Алайда соңғысы өз сөзінде тұрмаған.
Бүгінде Қылмыстық кодекстің 128 бабының "Адам саудалау" бойынша сотқа дейінгі тексеру жүргізілуде.