Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың денсаулығы жақсы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың денсаулығы жақсы
Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында хабарлады.
"Соңғы күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың денсаулығына қатысты еліміздің көптеген азаматы алаңдаушылық білдіріп, сауал жолдап жатыр. Осыған орай, Қасым-Жомарт Кемелұлының денсаулығы жақсы екенін хабарлаймын. Соңғы кездердегі эпидемиологиялық жағдайдың өрши түсуіне байланысты, ол күнделікті коронавирусқа тест тапсырып жатыр", - дейді Берік Уәли.