Қазақстанда коронавирусқа байланысты демалыс күндері шектеу енгізіледі
Қазақстанда коронавирусқа байланысты демалыс күндері шектеу енгізіледі
Үкімет Қазақстанның бірнеше өңірінде коронавирусқа байланысты демалыста жаңа шектеулер енгізілетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Newsroom+ тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстанда коронавирус инфекциясына байланыста эпидемиологиялық жағдайға байланысты ведомствоаралық комиссия 20-21 маусым күндері, яғни демалыс күндері қосымша шектеу шараларын енгізеді:
1) Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Павлодар және Екібастұз қалалары бойынша;
- ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, азық-түліктік және азық-түліктік емес базарлардың қызметі тоқтатылсын;
- қоғамдық тамақтану орындарының қызметіне тек ашық алаңда әлеуметітк қашықты сақтау арқылы рұқсат беріледі;
- қоғамдық көліктің қызметіне шектеу қою;
- қоғамдық орындардың жұмысын тоқтату: саябақтар, жағайжайлар, аквапарктер.
- фитнес-орталықтардың қызметін тоқтату;
- 65 жастан асқан адамдарға көшеге шығуға шектеу қою.
Мұның алдында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтар карантин режимін жаппай сақтамауы салдарынан коронавирустың таралу қаупі күшейіп тұрғанын айтқан болатын.
Соңғы аптада Қазақстанның бірнеше өңірінде карантин қайта күшейтіліп, блокбекеттер қойылып жатыр. Қазақстанда коронавирус жұқтырып, қайтыс болып жатқандардың саны артып жатыр.
18 маусымдағы таңғы жағдай бойынша Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандардың саны 15877-ге жетті, 6831 адам симптомсыз науқастар болса, 100 адам қайтыс болды.