Президенттің Жолдаумен ұстаздар күнінде шығуының да үлкен символдық мәні бар - Исатай Минуаров

17 Қазан, 2018 731 0

    Өзінің кезекті «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру” атты жолдауында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тарапынан ерекше көзге түсетін жоспар –алдағы 5 жыл ішінде білім, ғылым, денсаулық сақтау салаларына жұмсалатын қаражат көлемін жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) 10%-ға дейін жеткізу. Президенттің Жолдаумен ұстаздар күнінде шығуының да үлкен символдық мәні бар.

Бұл екі салаға басымдық беру алдағы уақытта өзінің оң әсерін береді деп болжауға болады.

 Мысалы, Австралиядағы Гриффит университетінің экономика профессоры Фабрицио Кармиганидың зерттеуі көрсеткендей, осы уақытқа дейін білім саласына жұмсалатын қаржы мен экономикалық өсімнің арасында тығыз өзара байланысты дәлелдейтін 57 зерттеу жүргізілген. Олардың қатарына бірнеше индикаторлар, эконометрикалық, статистикалық және метаанализдік зерттеулер кіреді. Оған қоса, білім саласына ЖІӨ-нен қосылған әрбір процент (мысалы 3%-дан 4%-ға жұмсалатын қаржыны арттыру) елдің ЖІӨ-не0,9%-ға өсім беріп отырады. Нақтырақ айтатын болсақ, білім саласына инвестиция экономикалық өсімді едәуір ынталандырады.

 Ғылыми зерттеулерге бөлінетін субсидиялардың, жәнебілімге, адами капиталға құйылған инвестициялардың, қайтарымы болатынын дәлелдеген тағы да бір атаулы ғылыми жаңалықтардың бірі -  эндогендік экономикалық өсім теориясы. Оның авторы Пол Ромер ағымдағы жылдарының 8-қазанында экономика саласыбойынша Нобель сыйлығының иегері атанды. Ғалымның айтуынша, интеллект пен жаңатехнологияны ынталандыру экономиканы өсіріп қанақоймай, дағдарыс кезінде иммунитет рөлін де атқарады.

 Қазақстанның осы уақытқа дейінгі білім саласына ЖІӨ-нің 2,98%-ін жұмсап келгенін ескеретін болсақ, оның 10 процентке артуы үлкен серпіліс деп айтуға болады. Бұл көрсеткіш АҚШ-та – 4,99%, Ұлыбританияда – 5,54, Ресейде – 3,82% және жалпы Еуроодақта -  4,7 процентті құрайды. Ең жоғарғы көрсеткіш Дания, Швеция, Исландия сияқты Скандинав елдерінде тіркелген. Осы орайда, Қазақстанның бұл көрсеткішті қазіргіден 3,5 есеге арттыру ниеті батыл шешім. Бұл өз кезегінде шетелдік тәжірибені өзімізге енгізіп, білім мен ғылым салаларын одан әрі жетілдірудің алғышарты болып табылады.

Исатай Минуаров, Тұңғыш Президент қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы



Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.