Сүйісу туралы қызықты деректер
Сүйісу туралы қызықты деректер
Сүйісу - бұл ер мен әйелдің бір-біріне сезімін білдіруі. Эмоцияны әдемі және тәтті жеткізу тәсілі. Бүгін сүйісу туралы қызықты деректер ұсынбақпыз.
1. Сүйісу өмірді ұзартатын әлдеқашан анықталған.
2. Ерін сезімталдығы артады. Еріннің бір шаршы сантиметрінде екі жүзге жуық нерв бар екен.
3. Үш адамның екеуі сүйіскен кезде бастарын оңға қарай бұрады екен. Бұл әдет ана құрсағында жатқан кезден қалыптасады.
4. Сүйісу туралы ғылым-филематология.
5. Жақсы сүйісетіндердің қарым-қатынасы ұзақ, әрі мықты болатынын алға тартады мамандар.
6. Ең алғашқы сүйіс біздің заманымызға дейін 5 ғасырда пайда болыпты.
7. Жас жұбайлардың тойда сүйісуі бұрын неке келісімі ретінде қабылданған.
8. Бір қызығы сиырлар, тиіндер мен ұлулар да сүйіседі екен. Ал шимпанзелердің сүйіскені адамдарға қатты ұқсас екен.
9. Сүйісу арқылы 5 калорияға дейін жұмсауға болады.
10. Жұптар сүйіскенде 80млн микроб алмасатын көрінеді. Бұл қоғамдық орындардағы микробтардан да көп. Алайда олар иммундық жүйенің күшеюіне көмектеседі екен.