Колледжде жарылыс болып, 10 адам қаза тапты

17 Қазан, 2018 1212 0

Қырымның шығысындағы Керч қаласында колледжердің бірінде белгісіз зат жарылды. Бұл туралы Ұлттық антитеррорлық комитетінің өкілдері хабарлады, - деп жазады tengrinews.kz.  

Алдын ала мәлімет бойынша, жарылыстан 10 адам қаза тауып, шамамен 50 адам зардап шеккен. Тергеу комитетінің қылмыстық іс қозғағаны хабарланып отыр.  Кремльдегілер жарылыс туралы Владимир Путиннің хабардар екенін хабарлады.
Төтенше жағдайдың салдарынан он адам қаза тапты. Оқиға орнына дәрігерлер, ТЖМ өкілдері мен полиция барды. Алдын ала мәлімет бойынша, онда теракт болған. Жарылыс болған мектептің директоры төтенше жағдайдың қалай болғанын айтып берді. 

"Адам мәйіттері толып жатыр... Біреу баса-көктеп кірді. Барлығын қиратып жіберді. Жарылғыш пакеттерін лақтырды. Қолына автомат ұстап алып, екінші қабатқа барды. Ондағы кабинеттерді ашып, барлығын қырып-жойып, өлтіріп кетті...", - дейді мектеп директоры.


Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.