Жаңалықтар

ШҚО: Шахтадағы жарылыстан екі кенші қаза тапты

ШҚО: Шахтадағы жарылыстан екі кенші қаза тапты

Шахтада жарылыс жұмыстарын жүргізу кезінде екі кенші қаза тапты. Марқұмдардың жасы небәрі 25 пен 29-да. Отбасылы. Қайғылы жағдай Шығыс Қазақстан облысындағы Орлов өндірістік кешенінің шахтасында болған. Зардап шеккен тағы бір қызметкер аудандық ауруханаға жеткізіліпті. Компания басшылығы мен ұжымы марқұмдардың туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады. Сонымен қатар, бекітілген процедураларға сәйкес қаза тапқандардың отбасыларына және зардап шеккен жұмысшыға қажетті көмек көрсетілетінін де атап өтті. Себебі бұл мәселелер келісімшартта қарастырылған екен. Жарылысқа нақты не себеп болғаны әзірге белгісіз, деп хабарлайды Newsroom+ тілшісі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.  width= ЕРМЕК ДҮЗКЕНОВ, ШҚО "KAZ MINERALS" ТОБЫНЫҢ КОРПОРАТИВТІК БАЙЛАНЫСТАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ МЕНЕДЖЕРІ: "Кешегі орын алған жағдай алғашқы жазатайым оқиға емес. Көбінесе бұл жағдайлар біздің адамдарға да немесе компанияға немесе қоршаған ортаға байланысты деп нақты айта алмаймыз. Өйткені, серіктер үнемі әртүрлі. Кей кезде мұқияттылықтың жоқтылығы, бір кезде табиғи апаттардың кесірі дегендей. Бірақ енді нақты осы мәселені біз әлі анықтап, мемлекеттік комиссия бар. Арнайы комиссия өкілдерімен бірлесіп, анықтайтын боламыз". https://www.youtube.com/watch?v=_6y87aTY5PI