ШЫҰ елдері Білім министрлері кеңесінде қарастырылған мәселелер

17 Қазан, 2018 1163 0

Бүгін Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) мүше елдерінің білім министрлерінің жетінші Кеңесі өтті, деп хабарлайды Newsroom.kz ақпарат агенттігі. 

Кеңеске Үндістан, Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Пәкістан, Тәжікстан елдерінің делегаттары қатысты. ҚР Білім және ғылым министрі Е.К. Сағадиев шараға төрағалық етті. 

Жиында басты назарға алынған мәселе - ШЫҰ елдері арасында оқытушылар мен студенттерді алмастыру мәселесін екіжақты және көпжақты форматта одан әрі дамыту, бірлескен ғылыми жұмыстарды, академиялық сапарларды, тілдік курстарды жүргізу, кәсіптік оқыту мен жастарды алмастыру мәселелері. Шарада ШЫҰ мүше елдерінің ұлттық білім беру жүйелерін дамыту және жаңғырту туралы мәселелерін, 2019-2020 жылдарға арналған ынтымақтастықтың басым бағыттары  талқыланды. 

Тараптар ұлттық білім беру жүйелерін жаңғырту бойынша өткізілетін іс-шаралар туралы ақпарат алмасуды министрлік арасында да, ЖОО арасындағы ынтымақтастық шеңберінде де, ректорлар форумында, ғылыми конференциялар мен ғылыми-педагогикалық және студенттік симпозиумдарда кеңейту керек деген ұсыныс тастады. Сонымен қатар, делегация басшылары 2019-2020 жылдарға арналған 2006 жылғы 15 маусымдағы білім беру аумағындағы ынтымақтастық туралы ШЫҰ мүше-елдерінің үкіметтері арасындағы келісімді іске асыру бойынша Іс-шаралар тізбесін бекітті. Шанхай ынтымақтастық ұйымы Университетін бекіту және жұмыс істеуі туралы ШЫҰ мүше-елдері үкіметтерінің арасындағы келісімді іске асыруға келісті. 


Өлкетану, экология, энергетика, IT-технологиялар, нанотехнология, педагогика, экономика; жеті бағыт бойынша магистрларды қолданыстағы бірлескен дайындықтың негізінде  бакалавриат және аспирантура/докторантура (PhD) деңгейінде бірлескен дайындықты тиімді іске асырып жатқандығын атап өтті. 

Делегация басшылары білім қызметкерлерін ынталандыруға, олардың мінсіз жұмысқа қызығушылықтарын арттыруға, кәсіби деңгейін жоғарылатуға, өзінің қызметтік міндеттерін дер кезінде, сапалы әрі ерікті орындауға бағытталған ШЫҰ білім беру жүйесінің Құрметті жұмысшысы туралы құжаттарды әзірлеудің маңыздылығын тілге тиек етті.

ШЫҰ Ресей Федерациясының төрағалығының ұсынысымен ШЫҰ мүше-елдерінің білім министрлерінің сегізінші кеңесі Ресейде өтетін болды. 



Аяжан Мадибекова


Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.