Жаңалықтар

Аягөздегі дауыл салдарынан 7 адам жарақат алды

Аягөзде апокалипсис. Кеше кешкі алты жарымдар шамасында шығыстықтардың шырқы бұзылды. Құм-топырақты көтерген құйын қаланы бір айналып өтіп, жолындағысын жапырып кеткен. Жылдамдығы секундына 28 метрге жеткен дауылдың екпінінен ондаған ғимарат қирап, мыңдаған үй жарықсыз қалды. Желден жеті адам зардап шекті. Біреуі стационарда жатыр. Облыс әкімі Даниал Ахметов ауданда төтенше жағдай жариялады, деп хабарлайды Newsroom+ тілшісі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.  width= "Мәссаған. Мәәә, қап-қараңғы боп кетті ғой". Негізі күлетін нәрсе емес. Аяқ астынан шаң-тозаң көтеріліп, төңірек қою қара түнекке айналды. Сөйтті де, видео түсіріп тұрған қос қыздың терезесін кеп жапты. Тәңірді еске түсірткен сұрапыл дауыл салдарынан 7 адам түрлі дәрежедегі жарақаттармен дәрігерге жүгініпті. 72 жеке үй мен 19 көпқабатты баспана және 9 әкімшілік ғимарат бүлінген. Ал құлаған ағаш-бұтақтардың санында есеп жоқ! "Тарс деген дауысты естідім. Қарасам, үйдің жанында 5-ші этажға дейін көтеріліп тұрған үлкен зәулім ағаш бар еді. Сол дүрс етіп құлады. Ұстаз боллғаннан кейін, ана боллғаннан кейін далада жүрген балалардың бәрі мерт болды ма деп тұра жүгірдім. Қарасам балалар жан-жаққа тым-тырақай қашып үлгеріпті". Жасыл желек жерге емес, электр желілеріне құлаған. Сөйтіп 9000 абонент жарықсыз қалды. Қазір 5 апаттық бригада кезең-кезеңімен үзілген сымдарды жалғап жатыр. ДМИТРИЙ ТИТОВ, ШҚО ТЖД БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ "4 мектеп, 3 балабақша және орталық аурухана зардап шекті. Ал әртүрлі жарақат алған 7 адамның бірі 77 жылғы әйел кісі ауруханаға жатқызылды. Электржарығынсыз қалған 9000 абоненттің 8300-і жөнделді. Бригадада барлығы 19 адам жұмыс істеп жатыр. Бәрі бақылауда". "Бүгін ауданда Төтенше жағдай жарияланды. Орынбасарым Б.Баяхметов бастаған арнайы комиссияны жолға шықты. Оқиға орнында барлық коммуналдық және апаттық қызметтер жұмыс жүргізуде. Қалпына келтіру жұмыстарын бір апта ішінде аяқтауды тапсырамын. Қажетті қаражат бөлінеді". Табиғи апат төңірегінде әлеуметтік желілер де шулап жатыр. Әртүрлі парақшаларда әзіл-шыны аралас жазба көп. ИНСТАГРАМ Ñàëòàíàò Æàéäàõìåòîâà Адам аман болса болар! bekzat__raila Погодаға коронавирус тиген ғой! shakhimardanzirak 2020 жылдың тосынсыйы бітпеді ғой тегі! Табиғаттың тосын мінезі мұнымен тоқтамайтын тәрізді. Синоптиктер қауіп сейілмеді, құбылыс қайталануы мүмкін дейді. ЛАУРА САЙЛЫБАЕВА, "ҚАЗГИДРОМЕТ" РМК АУА-РАЙЫНЫҢ ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ БОЛЖАМДАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІ ИНЖЕНЕР-СИНОПТИГІ: "Шығыс Қазақстан облысында біз бүгін дауылды ескерту берген болатынбыз. Яғни, 18 маусымда әлі де осындай тұрақсыз ауа-райы сақталады. Кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай, бұршақ жаууы мүмкін. Және де желдің күші 15-20, екпіні 25 метрге дейін жетеді". Төтеншеліктер шығыстағы ағайынға есік-терезені жауып отырыңыздар, әрі далаға шықпаңыздар деп ескертеді. Судың астында қалып, төбеңізге ағаш я шатыр құлап кетпесін десеңіз, үйде болыңыз! https://www.youtube.com/watch?v=wq5ZcHOWlPQ