Жаңалықтар

Bek air билет ақшасын қайтаратын болды

Bek air билет ақшасын қайтаратын болды

"Bek Air" әуе компаниясы атышулы апатқа дейін билет алған азаматтардың ақшасын қайтаратын болды. Бүгін Түркісіб аудандық соты дәл осындай шешім шығарды. Атышулы компанияның жолаушылар алдындағы қарызы 54 миллион теңгені құрапты, деп хабарлайды Newsroom+ тілшісі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.  width= Жарты жылға созылған  "Bek Air" төңірегіндегі дауға нүкте қойылды. Ұшақ апатынан кейін әуе компаниясына тиесілі барлық рейстер тоқтатылған болатын. Ал билет сатып алған жолаушылар жаппай компанияның кеңселерін торуылдап, ақшаларын қайтаруды талап еткен еді. Әуе комапниясының басшылығы өздігінен қайтаруга ниет танытпаған соң Тұтынушылар құқығын қорғау комитеті сотқа жүгінді. Тараптардың келтірген уәждерін саралай келе Түркісіб аудандық соты әуе компания барлық қаржыны қайтаруға міндетті деген шешім шығарды. ӘЛИЯ МЕҢЛІБАЕВА, ТҮРКІСІБ АУДАНДЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ: "Тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің талап-арызды қанағаттандырылсын. Қызмет көрсетушінің кінәсі бойынша ұшуы тоқтатылған рейстерге сатып алынған билеттердің ақшасы толық көлемде қайтарылсын. "Bek Air"  әуе компаниясы  барлық соманы қайтаруға міндеттелсін. "Bek Air-ге"  әуе компаниясы  төленген сома толығымен тұтынушыларға өндірілсін". Енді атышулы әуе компаниясы билет алған 890 жолаушыға жолаушыларға 54 миллион теңге, ал мемлекеттік баж ретінде 16 миллион теңге төлеуі тиіс.  Алматылық Әлия Жұмағалиева сот шешіміне көңілі толатынын айтады. Бірақ, "Bek Air"  әуе компаниясынан 215 мың теңгеге билет алғанымен рейс тоқтатылып, өзге тасымалдаушылар қосымша 355 мың теңгеге тағы да билет алуға мәжбүр болыпты. Енді ол шығынды кім өтейді дейді. ӘЛИЯ ЖҰМАҒАЛИЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: "Менің соттың шешіміне көңілім толады. Бірақ, мен өзі аты-жөнімді ести алмадым. Енді маған қанша сома төлейді? Сотты жарты жыл күттік, енді ақшаны қашан қайтарады және қанша сома төлейді сол мені алаңдатады". "Bek Air"  басшысы тек жолаушылардан ғана емес, журналистерден де ат тонын ала қашады. Компания өкілдерінен мардымды жауап ала алмаған жолаушылар Тұтынушылар құқығын қорғау комитетіне жүгінген болатын. Естеріңізге сала кетсек, өткен жылдың 27 желтоқсаныда әуе компаниясының ұшағы аратқа ұшырап, 12 адам көз жүмған болатын. Әуе кемесінде 93 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған. https://www.youtube.com/watch?v=_sqF963LNMY