Жаңа Түркістанның құрылысы қашан аяқталады
11 Қазан, 2018 1555 0

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев қазақстандық инвесторлар «BI Group» және «Саутс-Ойл» компанияларының өкілдерін қабылдады, деп хабарлайды Newsroom.kz ақпарат агенттігі.
Елбасы Түркістан облысына ресми сапарында бірнеше отандық компанияға Түркістан қаласындағы әкімшілік орталықта ғимараттар салуды тапсырған болатын. Осыған орай, жүздесуде инвесторлар облыс орталығы Түркістан қаласын дамытуға өз үлестерін қосуға ниет білдіріп, «BI Group» компаниясы Түркістан қаласында 50 мың шаршы метрді құрайтын бизнес орталықтың жобасын ұсынды. Орталықта офистік бөлмелер, мәжіліс залдары, жерасты автотұрақ орналасатын болады. Ал, «Саутс-Ойл» компаниясы 120 бөлмелік 5 жұлдызды қонақ үйдің сәулет жоспарлау эскиздерін таныстырды. Қонақ үй бөлмелері стандартты, люкс орындарынан бастап, ең жоғарғы үлгіде жабдықталған жайлы бөлмелермен, мейрамхана және концерт залымен қамтылмақ.
Кездесу қорытындысында облыс әкімі Ж.Түймебаев инвестициялық жобаларды іске асыруға инвесторлар мен әкімдік арасында бірлескен жұмыс жоспарын әзірлеп, жұмыс тобын құруға тапсырма берді.

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру
Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.
КӨП ОҚЫЛҒАНДАР



Қазақстандықтардың орташа жалақысы 157 мың теңгеден асты – министр
11 Қыркүйек, 2018