Жаңалықтар

"Костюмді скотчтап киеміз" - алматылық дәрігерлер қорғаныш құралдары жетіспейтініне шағымданды

Желіде қорғаныш құралдары жетіспейтінін айтып, шағымданған алматылық жедел-жәрдем қызметкерлерінің видеосы пайда болды, - деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі   Tengrinews.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. . "Бізде костюмдер жетіспейді. Не істейміз? Бұл ұят қой. Костюмдерді скотчтап киеміз. Жағдай жасалсын", - дейді әйел адам. Тағы бір қызметкердің айтуынша, олар бір реттік масканы бірнеше рет тағуға мәжбүр.Ведомство өкілдері видео медицина қызметкерлері қосымша еңбекақы төлеу мәселесін көтерген кезде түсірілгенін айтады. "Жеке қорғаныш заттарының жетіспеуіне байланысты, ең алдымен жедел-жәрдем қызметкерлері қамтамасыз етіледі, себебі олар тікелей КВИ жұқтыру қаупі тобына жатады. Қорғаныш құралдары жеткілікті мөлшерде. 16 маусымдағы жағдай бойынша, жедел-жәрдем қызметінде 18 329 бір реттік маска мен 1371 қорғаныш костюмі, 432 респиратор, 266 494 медициналық маска мен 6081 қолғап бар", - дейді басқарма өкілдері. "Мамырда жедел-жәрдем қызметкерлері 2525 қоңырау: оның ішінде, ЖРВИ, пневмония, бронхит және басқа да жағдайлар бойынша қызмет көрсетті. Үстемақы бұйрыққа және ережеге сәйкес, олардың нақты істеген күні мен уақытына қарай төленді. Яғни, қызметкерлердің үстемақысы бойынша табельдерде коронавирустық инфекцияны болуы мүмкін және басқа да жағдай бойынша шақыруға шыққан күндер көрсетілген және есептелген. Үстемақы төлеу берілген табельдерге сәйкес толық көлемде жүргізілді", - дейді ведомство өкілдері.