Жаңалықтар

Қазақстанда коронавирустан жазылғандар саны 9700-ден асты

Қазақстанның 7 өңірінде коронавирус инфекциясынан 90-ға жуық адам жазылды, - деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап. Соңғы мәліметке сәйкес, елімізде тағы 87 адам коронавирустан емделіп шықты: Нұр-Сұлтан қаласында - 47, Шымкент қаласында - 22, Ақтөбе облысында - 3, Атырау облысында - 6, Қызылорда облысында - 4, Түркістан облысында - 2, Маңғыстау облысында - 3. Бүгінге дейін Қазақстанда коронавирус індеті жалпы 15542 адамнан анықталды, Оның ішінде жазылғандар саны - 9716. Қайтыс болды - 88 науқас.