Жаңалықтар

Түркістан облысында жиһаз цехы жанып кетті

Түркістан облысында жиһаз цехы жанып кетті

Түркістан облысының Шорнақ ауылында жиһаз цехы жанып кетті. Қатты желдің салдарынан өртті сөндіру қиындық туғызды, - деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі  ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 16 маусым күні сағат 14.40-та Түркістан қаласындағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне Қосмезгіл кентінде орналасқан «TAK mebel» жиһаз цехы жанып жатқаны туралы хабарлама түскен. Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінен 87 маман мен 21 техника, Түркістан облысының Полиция департаментінен 80 қызметкер мен 12 техника, «Апаттар медицинасы орталығының» 3 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылған. Оқиға орнына жедел жеткен бірінші бөлімше барлау жұмыстарын жүргізіп, тілсіз жауды ауыздықтаған. «Жалын 2520 шаршы метр аумақты шарпыды. Өрттің таралуы 16 сағат 53 минутта тоқтатылып, 21 сағат 08 минутта толығымен сөндірілді. Қазіргі таңда оқиға себебі мен шығыны анықталуда», - делінген хабарламада. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.