Күйеуім "бойдақпын" деп қыздармен танысады
Күйеуім "бойдақпын" деп қыздармен танысады
"Мені іштей қинайтын бір уайымым бар. 18-ге толмай күйеуге шықтым. Оң солымды танымай, асығыс үйленген сияқтымыз. Олай дейтінім, күйеуімнің қолынан ұялы телефоны түспейді. Бастапқыда жұмыс бойынша сөйлесетін шығар деп ойласам, қыздармен танысады екен. Үйленбегенмін, басым бос деп айтады екен" деп өзінің есімін жарияламауды өтінді, - деп жазады NewsRoom+ақпарат агенттігінің тілшісі.
Басында "өлем, сүйем" деп, соңымнан жүгіріп қоймап еді. Енді үйленген соң, мен қызық болмай қалғандаймын. Маған сатқындық жасап жүргені жаныма батады.
Туған-туыс, жора-жолдастарының алдында үлгілі отбасының кейпін танытып, үйге келген соң, бәрі өз қалпына түседі. Өзіммен-өзім ызаланып, жылай беремін. Өзгелерге тұрмыстағы келіншектей болып көрінгеніммен, жаным жалғыз. Жақсы көрмесе неге үйленді деген сұрақ мазалайды.
Ашық сөйлесейін десем, қашқақтайды. Өз анама қалай айтарымды білмеймін. Оларға бақытты болып көрінуге тырысамын. Қалай шешімін табамын деп дал болудамын.