"Итті де мынадай етіп көмбес": Атырауда коронавирустан көз жұмғандарды жерлеу рәсімі кезінде шу шықты
"Итті де мынадай етіп көмбес": Атырауда коронавирустан көз жұмғандарды жерлеу рәсімі кезінде шу шықты
Атырауда коронавирустан қайтыс болғандардың жерлеу рәсімі кезінде шу шықты. Марқұмдардың жақындарына жерлеу үшін белгілеген арнайы орын ұнамай қалған. Қаланың ішіндегі жалпы бейітке қоюға қарсы болған олар зираттың аумағына көліктерді кіргізбей, жолды жауып тастады. Бұл туралы NewsRoom+ тілшісі Stan.kz апарат агенттігіне сілтеме жасап.
Коронавирустан көз жұмған марқұмдардың туыстары Жылыой ауданынан оларды жерлеу үшін Атырауға келген. Бірақ қала ішіндегі зиратты көрген олар қарсылық білдіріп, шу шығарды. Себебі - молаларға тұрғын үйлер жақын орналасқан. Сондықтан, жиналғандар мәйіттерді өз аудандарына алып кететінін айтып, талап қойды.
"Өзімізде осындай қауым бар, сол қауымға апарып қоямыз. Ашпаймыз, адамбыз ғой, шаршадық біз, итті де мынадай етіп көмбес", - деді олар.
Жұрт зираттың қақпасын қоршап алды, сүйектерді тиеген көліктерді кіргізбей, бірнеше сағат орындарынан қозғалмады.
"Біздің жерлетпей отырған себебіміз - мола жалпылай. Неге коронавирустан қайтыс болғандарға аранйы орын бермейді. Шет жақты көрсетеді, ал одан 5 метр жерде үйлер орналасқан. Біздің талабымыз - сүйекті Жылыой ауданына алып кету. Онда да дәл осылай етіп жерлей алады", - деді тұрғын Гүлфира Нұрышева.
Жергілікті әкімдік өкілдері келіп, қаулыға сай алгоратиммен болуы тиіс деп көпшілікті сабырға шақырғанымен, шу шығарғандар оған көнбеді. Олар, тіпті, иман да жоқ деп ашынды.
Жиналғандардың талабы бойынша жергілікті штаб аудандағы арнайы белгіленген орынға жерлеуге келісім берді. Олардың айтуынша, бұл зират қала ішінде болғанымен, санитарлық талаптар сақталған.
"Толықтай қоршалған, арнайы бетондалған, кейін де бұл жерде қорғаныс шаралары күшейтіледі", - деді жергілікті штаб өкілі Жасұлан Бисембиев.
Бірнеше сағат наразылық білдірген екі отбасының бірі сүйекті Жылыой ауданына алып кетті. Ал бірі - марқұмды белгіленген орынға жерледі.