Жаңалықтар

Трамп АҚШ полициясын реформалау жөніндегі жарлыққа қол қойды

Трамп АҚШ полициясын реформалау жөніндегі жарлыққа қол қойды

АҚШ президенті полицияны реформалау жөніндегі жарлыққа қол қойды. Одан бөлек АҚШ Конгрессінде полиция жүйесін реформалау туралы заң жобасы қаралып жатыр, - деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі  KAZ.NUR.KZ ақпарат агенттігінесілтеме жасап. Сейсенбі күні қол қойылған АҚШ президенті Дональд Трамптың жарлығына сәйкес, полиция департаменттеріне бөлінетін гранттардың мөлшері өзгереді. Сонымен бірге кадр таңдауда да асқан сақтық талап етілген. Полиция саласына бұрын заң бұзған адамар алынбауы керек. Айта кетерлігі, Ақ үйде өткен жарлыққа қол қою рәсіміне елдегі жаппай тәртіпсіздіктер кезінде полициямен қақтығысып, қаза тапқандардың туыстары да қатысты. Президент тәртіп сақшыларының қоғам алдында есеп беруге тиіс екенін және олардың кәсіби біліктілігі мен моральдық талаптарының көтерілуі туралы мәлімдеді. Трамп өз сөзінде Барак Обаманы сынға алып, оның бұл салаға реформа жасауға талпынбағанын, сол себепті бұл реформаны қазіргі президент жасап жатқанын жеткізді.