Жаңалықтар

Алматылықтар үшін үй алу әлдеқайда жеңіл

Алматылықтар үшін үй алу әлдеқайда жеңіл

"Алматы жастары 3.0" бағдарламасымен баспана алуға ниетті жастар үшін "қалада тіркеуде болу" талабы алынып тасталды, - деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі  Egemen.kz порталынан сілтеме жасап. Жастарға арман болған болған миллиондаған халқы бар Алматы үшін баспана барлық кезде көкейкесті мәселелердің қатарында. Үлкен шаһарда жылдар бойы тұрақты жұмыс істеп, бүкіл тіршілік-тағдыры осы қалаға тығыз байланса да үйсіз-күйсіз жүрген жандар жеткілікті екені аян. Кеңес өкіметінен мұраға қалған бір талап - Алматыда пәтерлі болу үшін осы қаланың тіркеулі тұрғыны болуға тиісті едің... Қысқасы, бүгін Алматы қаласының әкімі осы қасаң қағиданы бұзды. "Алматы жастары 3.0» жеңілдетілген несие бағдарламасымен тұрғын үй алуға ниетті жұмыс істейтін алматылық жастарға қалада тіркеуде болу талабы алынды. Осы себепке байланысты қабылданбаған өтініштер қайта қаралады. 22 маусымнан өтінімдерді қабылдаудың екінші кезеңі басталады", деп жазды Бақытжан Сағынтаев Instagram парақшасында.