Шымкентте карантин талаптарын сақтамағандарға қатаң шара қолданылып жатыр
Шымкентте карантин талаптарын сақтамағандарға қатаң шара қолданылып жатыр
Шымкент қаласында арнайы мамандардан құралған мониторингтік топ күнделікті түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі Tengrinews.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Мониторингтік топтың құрамында аудан әкімдіктерінің қызметкерлері және аудандық полиция кызметі, сондай-ақ аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер қауіпсіздігін бақылау басқармасы мамандары мен БАҚ өкілдері бар.
Қаладағы эпидемиологиялық ахуал әзірге күрделі. Сондықтан да, барша қала тұрғындарын коронавирус инфекциясының таралуының алдын алуда зор жауапкершілік танытып, енгізілген шектеулерді қатаң сақтауға шақырамыз. Бұл - уақытша қиындық. Сондықтан сабыр сақтап, саналы түрде өз денсаулығымыз бен жақындарымыздың амандығы үшін жұмыла күресейік,- дейді маниторингтік топ өкілдері.
Атап айтар болсақ, бір күндік рейдтік тексеру кезінде бірнеше кәсіпкерге ескерту жасалып, кейбіреулері жұмысын тоқтатты.
Мәселен, Әл-Фараби ауданы бойынша санитарлық талапты сақтамаған 4 базар мен 32 нысанға ескерту жасалды. Сондай-ақ, қаулыға атүсті қараған бір дүңгіршек пен азық-түлік сататын дүкен жабылды.
Ал, Абай ауданында 29 нысанға ескерту беріліп, 7 айыппұл хаттамасы толтырылды, 1 компьютерлік клуб жабылды.
Еңбекші ауданында мониторингтік топ тарапынан 34 коммерциялық құрылымға ескерту берілді. Сонымен қатар. Карантин режимін бұзған 4 коммерциялық құрылымға хаттама толтырылды.
© Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz