Жаңалықтар

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин коронавирус жұқтырды

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин коронавирус жұқтырды

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин коронавирус жұқтырды, - деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі  Tengrinews.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 9 және 11 маусымда ол коронавирусты жұқтырған Денсаулық сақтау министрі Біртановты қабылдаған.
16 маусымда Нығматулин кезекті тестілеу өткізді. Өкінішке қарай, сынақ оң нәтиже көрсетті. Бұл ретте диагноз белгісіз деп қойылған. Мәжіліс төрағасы қашықтан, өзін-өзі оқшаулауда жұмыс істеуін жалғастырып жатыр. 17 маусымға жоспарланған Мәжілістің жалпы отырысын оның орынбасары өткізеді.