Жаңалықтар

Тағы бір "Қалаулымдықтар" ата-ана атанды

Тағы бір "Қалаулымдықтар" ата-ана атанды

Атышулы "Қалаулым" жобасында бір-бірін жолықтырып, кейіннен отбасын құрған Әлібек Боранбай мен Камила Саянқызы ата-ана атанды. Жас жұбайлар жобада танысып, сезімдері махаббатқа ұласып, былтыр шаңырақ көтерген болатын. Бүгін олар ұл баланың баланың ата-анасы атанып отыр. Бұл туралы Әлібектің өзі Instagram парақшасында жариялаған, - деп хабарлайды NewsRoom+ақпарат агенттігінің тілшісі. "Туған күніме сыйлық. Папасымен қатарласпай, 15-і емес, 16-сы дүниеге келді. Енді мен әкемін. Әлі сене алмай жүрмін. Аллаға сансыз шүкір. Сөзбен жеткізе алмайтын сезім",- деп жазған ол. Бұған дейін жас жұбайлар көпшілікке тұңғышын күтіп жүргенін ғана емес, сәбидің жынысын да жария етіп қойған болатын. Ерлі-зайыптылар балалы болатындарын Instagram парақшасы арқылы ерекше түрде жеткізген. Олар тұңғышының жынысын білу мақсатында арнайы шарды жарып жатқан сәтінен видео жариялаған. Аталмыш бейнежазбада шарды жарған кезде көк түсті шарлар төгілген болатын. Сол кезден-ақ көпшілік оларды тұңғыш сәбиінің ұл бала болатынын білген еді.