Жаңалықтар

Жарты жыл бойы қорлап келген: Ақмола облысында 12 жастағы қызды зорлады деген күдікке үш азамат ілінді

Жарты жыл бойы қорлап келген: Ақмола облысында 12 жастағы қызды зорлады деген күдікке үш азамат ілінді

Ақмола облысында 12 жастағы қызды зорлаған күдіктілер ұсталып, тергеу изоляторына қамалды, - деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі  Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі мәлім етті. "Кәмелетке толмаған қызды зорлау әрекеттері өткен жылдың желтоқсаннан бастап осы жылдың маусымына дейін жалғасып келген. Қылмыс Целиноград ауданына қарасты Қараөткел ауылында орын алған", - деді ПД өкілдері. Қыздың анасы 13 маусым күні шағымданған. Алғашында ҚР ҚК 122-ші "Кәмелет жасына толмаған баланы жыныстық қатынасқа тарту" бабы бойынша басталған іс кейіннен одан қатаңырақ "Зорлау" бабына өзгертіліпті. Аталмыш бап бойынша 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. "Үш адам құрықталды. Күдіктілер - 25-26 жас аралығынадғы азаматтар. Барлығы да аудан тұрғындары", - деп атап өтті ПД өкілдері. Қазір тергеу амалдары жалғасуда, тиісті сараптамалар тағайындалған. Аталмыш істі тергеуді ПД басшылығы өз бақылауына алған.