Жаңалықтар

Журналист: Әйелдер күйеуінен пәк күйінде тұрмысқа шықпаған соң таяқ жейді

Журналист: Әйелдер күйеуінен пәк күйінде тұрмысқа шықпаған соң таяқ жейді

Қазақстандық журналист Жеңіс Құспан әйелдердің не себепті үйеуінен көп таяқ жейтінін айтты. Ол зорлық-зомбылыққа ұшыраған қыздардың өзі кінәлі деген пікір айтты. "Қазақ айтады "басқа бәле - тілден" дейді. Бірақ мұның әйел мен ер арасындағы дау-дамауға аса қатысы жоқ деп ойлаймын. Себебі әйелдің мінезі қанша жаман болса да, ер адам оған қол көтере бермейді деп ойлаймын. Тек бір шапалақ берер. Ал негізгі себебі, қыздардың пәк болып тұрмысқа шықпауында. Мәселен, жігіт қызды сүйіп алады. Оның пәк емес екенін білсе де көнеді. Кейін сонысы есіне түскенде, қызғаныш кернейді, ызасы келеді. Сол себепті жұдырық ала жүгіреді. Ал, қыз өз кінәсін сезгендіктен таяққа көніп жүре береді. Таяқ жей берген соң еті өліп, еті үйреніп кетеді. Солай бірге өмір сүре береді. Бұл насырға шапса, күйеуі әйелін өлітіріп алуы да мүмкін, - дейді ол. Жеңіс Құспанның айтуынша, осында келеңсіздікті орнын толтыру үшін қыз тәрбиесіне көңіл бөлуіміз керек. Қызды барған жеріне пәк болып баруы тиіс екенін санасына құю керек. Оны отбасындағы маңыздылығын айту керекпіз. Қазіргі қыздардың бәрі болмаса да, 50 пайызы пәк емес күйде тұрмысқа шығып жатыр", - деп жазды. Ақпарат: Stan.kz  порталынан